Оңтүстік Кореяда Президентті ұлықтау рәсімі өтті

Фотография - Оңтүстік Кореяда Президентті ұлықтау рәсімі өтті

Бүгін Оңтүстік Кореяда ел тарихындағы тұңғыш әйел Президент - Пак Кын Хені ұлықтау рәсімі өтті.

155 0

Бүгін Оңтүстік Кореяда ел тарихындағы тұңғыш әйел Президент - Пак Кын Хені ұлықтау рәсімі өтті. Салтанатты шараны тамашалауға келген он мыңдаған адамның алдында әлемге «Gangnam Style» әнімен танымал болған рэпер өнер көрсетті.

Жалпы ұлықтау рәсіміне елдің әскери күштерінің дайындығы да қызу жүрді. Сеулдіктер көрші Пхеньянның араңдату әрекетінен әлі де сескенуде. Сол себепті елдің Қорғаныс министрлігі барлық әскери шендегілерге кез келген жағдайға дайын болуды ескертіп, әуеге барлау-ұшақтары көтерілді. Әскери кемелер де теңізге шықты. Билік өкілдері бұндай жоғарғы деңгейдегі әскери дайындықтың ұлықтау рәсімінен кейін де жалғасатынын мәлімдеді.


Тегтер:

Корея

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!