Сирияның оппозиция өкілдерінің жиыны өтті

Фотография - Сирияның оппозиция өкілдерінің жиыны өтті

Сирияның оппозициялық топ өкілдері келіссөздер жүргізу үшін Каирде бас қосты

236 0

Сирияның оппозициялық топ өкілдері келіссөздер жүргізу үшін Каирде бас қосты. Оған дейін оппозиция басшылары араб мемлекеттері лигасының бас хатшысы Набиль Әл-Арабимен кездескен болатын.

Оппозициялық коалиция басшысы Вашингтон мен Мәскеудің шақыртуынан бас тартқан еді. Осылайша, оппозиция өкілдері Аллеподағы билік әскерінің қарулы шабуылына немқұрайлық танытты деп наразылығын білдірді. Ал, АҚШ мемлекеттік департаменті оппозиция басшыларымен кездесіп, Сирияда бейбітшілік орнатуды қалайтындарын мәлімдеді. Жалпы, екі жылға жуық жалғасып келе жатқан қарулы шиеленіс кезінде бүлікшілер Сирияның көптеген жерін басып алды. Қазір, елде Башар Асад әскері мен көтерілісшілер арасындағы қақтығыс жүріп жатыр. Билік әскері әуеден зымыранмен оқ жаудыруда.


Тегтер:

Египет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!