Камерунда ұрланған француздар жайлы видео жарияланды

Фотография - Камерунда ұрланған француздар жайлы видео жарияланды

Youtube сайтында Камерунда ұрланып, кепілге алынған француз отбасының жеті адамы түсірілген видео жарияланды. Видеода бірнеше қарулы ер адам мен ұрланған француздар: екі ер адам мен бір әйел және төрт бала түсірілген. Қарулы адамдардың бірі мәлімдеме оқиды

208 0


Youtube сайтында Камерунда ұрланып, кепілге алынған француз отбасының жеті адамы түсірілген видео жарияланды. Видеода бірнеше қарулы ер адам мен ұрланған француздар: екі ер адам мен бір әйел және төрт бала түсірілген. Қарулы адамдардың бірі мәлімдеме оқиды.

Видеожазбада қарулы адамдардың француз отбасын кепілге нигериялық исламшыл "Боко Харам" тобы алғанын мәлімдеп, Камерун мен Нигериядағы тұтқындарды босатуды талап етеді. Ол Малиде әскери операция жүргізіп жатқан Францияның "исламға қарсы соғыс ашқанын" ескертеді.

Күйеуі мен әйелі, төрт баласы мен олардың атасын өткен аптада Камерунның солтүстік бөлігінде, Нигериямен шекарада ұрлап кеткен еді. Француз үкіметі кепілге алынғандардың шекара арқылы Нигерияға асырып жіберілуі мүмкін деп болжайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!