Италия сайлауында нақты жеңімпаз анықталмай тұр

Фотография - Италия сайлауында нақты жеңімпаз анықталмай тұр

Италияда 25 ақпанда өткен парламент сайлауының алдын ала нәтижелеріне қарағанда, бәсекелес партиялардың ешқайсысы тұрақты коалициялық үкімет құруға қажетті дауыс жинай алмай отыр.

170 0

Италияда 25 ақпанда өткен парламент сайлауының алдын ала нәтижелеріне қарағанда, бәсекелес партиялардың ешқайсысы тұрақты коалициялық үкімет құруға қажетті дауыс жинай алмай отыр.

Берілген дауыстардың қазірге дейін 93 пайызына жуығы саналып үлгерген. Ол бойынша, парламенттің төменгі палатасында Пьер Луиджи Берсанидің солшыл коалициясы 5 пайыз артық дауыс жинаған. Ал экс-премьер Сильвио Берлусконидің консервативтік коалициясы жоғарғы палата - сенатта 2 пайыз дауыспен басымдыққа ие болып тұр.

Италияда сенат депутаттары аймақтар бойынша сайланады. Сондықтан сайлау қорытындысы кандидаттардың жеке-жеке жинаған дауыстар санымен анықталмақ.

Екі партиядан кейінгі орындарды сайқымазақ Беппе Гриллоның партиясы мен қазіргі премьер Марио Монтидің центристік коалициясы иеленіп тұр.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!