Британияның қалалық мәжілісі Құран оқумен басталды

Фотография - Британияның қалалық мәжілісі Құран оқумен басталды

Британиялық Брайтон қаласында «қалалық кеңес мәжілісін бастамас бұрын Құран оқудың қажеті бар ма, жоқ па» деген мәселе қызу пікірталасқа ұласты.

243 0

Британиялық Брайтон қаласында «қалалық кеңес мәжілісін бастамас бұрын Құран оқудың қажеті бар ма, жоқ па» деген мәселе қызу пікірталасқа ұласты. Брайтон қаласының мэрі қалалық кеңес мәжілісіне мұсылмандардың жетекшісін шақырып, жиынды Құранмен бастаған көрінеді. Әкімнің бұл парасаттылығы кейбір жиын өкілдерінің «қытығына» тисе керек. Ұлыбританияда және кейбір елдерде қандай мәжіліс болмасын, дінбасыларын шақырып, дұға оқытатын дәстүр қалыптасқанын айта кету керек.

«Мен Саммерс пен өзге де кеңесшілердің жөнсіз қылығына қынжыламын», – деді Брайтон шаһарының мэрі Билл Рэндалл «Muslim News»-ке берген сұхбатында. «Брайтон энд Хоув сан алуандығымен ерекшеленеді. Мэр ретінде мен қаланың осы ерекшелігін назарға алып, шаһардағы діндердің арасын жақындастыруым керек», – деді ол сөзін ары сабақтап.

«Құран оқу мәжіліске қатысты рәсімге жатпайды», – деп, мәлімдеді Кристина Саммерс, – «Кеңес құрамында бірде-бір мұсылман немесе араб тілінде сөйлейтін адам жоқ. Мұның не қажеті барын түсінбедім».

Алайда, мэр кеңес құрамында мұсылманның бар-жоғынан бұрын Брайтондағы мұсылмандар жамағатының барына назар аударып отырғанын айтты.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!