Өзбекстан Президенті Мәдениет және спорт істері бойынша жаңа министрді тағайындады

Фотография - Өзбекстан Президенті Мәдениет және спорт істері бойынша жаңа министрді тағайындады

Мемлекет басшысының жарлығымен Минхожиддин Хожиматов Өзбекстан Республикасының Мәдениет және спорт істері бойынша министрі болып тағайындалды

231 0

Өзбекстанда Мәдениет және спорт істері бойынша министр ауысты, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Мемлекет басшысының жарлығымен Минхожиддин Хожиматов Өзбекстан Республикасының Мәдениет және спорт істері бойынша министрі болып тағайындалды. Бұл қызметте М. Хожиматов Тұрсынәли Кузиевтің орнын басты. Аталған ақпарат сондай-ақ министрліктің твиттердегі парақшасында қуатталған.

Өзбек БАҚ-тарының хабарлауынша, 2012 жылдың шілде айынан бастап М.Хожиматов Өзбекстан Ұлттық телерадиокомпаниясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Бұл тағайындауға дейін М.Хожиматов Өзбекстан Республикасы Президенті Аппаратында жауапты қызметкер болып жұмыс істеді, оның алдында Республикалық рухани орталықты басқарды. Ол сондай-ақ  «Миллий тикланиш» Демократиялық партиясы орталық кеңесінің мүшесі болып табылады. Өзбекстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын - Минхожиддин Мирзо бүркеншік атымен лирикалық шығармалар жазады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!