Перудегі атқылаған жанартау 100 метр биіктікті құрады

Фотография - Перудегі атқылаған жанартау 100 метр биіктікті құрады

Перудің оңтүстігінде жанартау оянып, төңірекке шашып жатқан от пен күлдің биіктігі 100 метрге жеткен. Аймақта төтенше жағдай жарияланды.

155 0

Перудің оңтүстігінде жанартау оянып, төңірекке шашып жатқан от пен күлдің биіктігі 100 метрге жеткен. Аймақта төтенше жағдай жарияланды.

Құтқарушылар жақын маңда орналасқан ондаған тұрғынды қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстарын бастады. Перудің геологиялық агенттігі осы айдың 20-22 күндері аралығында аймақта 536 жер сілкінісі тіркелгенін айтады. Бір күннің ішінде 80 тұрғын үй зардап шеккен. Халықтың үрейі ұшып үй-жайларын тастап жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл жанартау соңғы рет 1990 жылдары оянған. Әзірге қаза тапқандар жайлы ақпарат түскен жоқ. Басшылық жанартау айналасындағы жерді тыйым салынған аймақ деп белгіледі.


Тегтер:

жанартау

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!