«Расти» тропикалық циклоны Австралияның жағалауына жақындады

Фотография - «Расти» тропикалық циклоны Австралияның жағалауына жақындады

Австралияның солтүстік-батыс жағалауына «Расти» тропикалық циклоны жақындады.

157 0

Австралияның солтүстік-батыс жағалауына «Расти» тропикалық циклоны жақындады. Қазірде желдің жылдамдығы сағатына 130 шақырымға жетті.

Аймақта дауылмен бірге нөсер жауын да құйып тұр. Мамандар үш күн ішінде шамамен 60 см-ден астам жауын-шашын түсетінін айтады. Табиғаттың тосын мінезінен ең көп зардап шегетін елдің солтүстік-батысында орналасқан Порт-Хедленд қаласы болуы мүмкін. Синоптиктердің айтуынша, бүгін кешке 16 мың тұрғыны бар Порт-Хедленд қаласында жел жылдамдығы сағатына 230 шақырымға жетеді. Аймақта төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті билік тұрғындарды үйлерін тастап уақытша қауіпсіз жерге  кетуді талап етеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!