АҚШ Орталық Азиядағы исламшыл содырлар туралы айтты

Фотография - АҚШ Орталық Азиядағы исламшыл содырлар туралы айтты

 Өзбекстан ислам қозғалысы  ұйымы аймақта өз ықпалын кеңейту стратегиясы аясында Орталық Азияға орнығып қалуды қарастырып жатқанын мәлімдеді.

155 0


АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі көмекшісі Роберт Блэйк Орталық Азия елдерінде исламшыл содырлардан тікелей қауіп төніп тұрмағанымен, Өзбекстан ислам қозғалысы  ұйымы аймақта өз ықпалын кеңейту стратегиясы аясында Орталық Азияға орнығып қалуды қарастырып жатқанын мәлімдеді.

Конгрестің сыртқы істер комитеті алдында есеп берген Блэйк "Орталық Азия мемлекеттері радикализмге әкеп соғатын және АҚШ-тың аймақтағы мүддесіне қауіп төндіретін және  қауіп-қатерлерге тап болып отыр" деді.

Оның айтуынша, Құрама Штаттар терроризм сияқты трансшекаралық проблемаларды шешуге аймақ елдерінің үкіметтеріне көмектесіп жатыр.

Дегенмен, ол Вашингтон аймақ елдерінің жетекшілеріне демократия орнату және адам құқықтары саласында реформалар жасатуға көндіріп бағатынын да ескертті.

 


Тегтер:

АҚШ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!