Ресейде шұжықтарда жылқы еті бары анықталды

Фотография - Ресейде шұжықтарда жылқы еті бары анықталды

"Роспотребнадзор" өкілінің хабарлауынша, жылқы етінің ДНҚ-сы Мәскеуге Австриядан әкелінді деген шұжық пен ет өнімдерінен табылған.

294 0

"Роспотребнадзор" өкілінің хабарлауынша, жылқы етінің ДНҚ-сы Мәскеуге Австриядан әкелінді деген шұжық пен ет өнімдерінен табылған.

Ал Нидерландының ірі жиһаз компаниясы - Ikea Еуропаның бес еліндегі мейрамханаларынан Швецияда өндірілген Вена шұжықтарын құрамында жылқы еті бары белгілі болған соң сатылымнан алып тастады. Мұның алдында компания тефтели тағамын сатылымнан алып тастаған еді.

Бұл өнімдер компанияның Франция, Испания, Ұлыбритания, Ирландия және Португалиядағы фирмалық жиһаз дүкендерінде шошқа еті мен сиыр етінен жасалған деп сатылған еді. Дүйсенбіде компания 24 мемлекетте тефтели тағамын сатуды доғарды.

Еуропада жылқы етіне қатысты шу қаңтарда басталған еді. Даудан соң Еуропаның бірқатар мемлекеті ет өнімдеріне тексеру жасай бастаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!