Түркия ұшақ жасаудың ерекше тәсілін ойлап тапты

Фотография - Түркия ұшақ жасаудың ерекше тәсілін ойлап тапты

Түркия ұшақ жасау кезінде тауық жүнін қолданудың әлемде баламасы жоқ әдісін ойлап тапты

215 0

Түркия ұшақ жасау кезінде тауық жүнін қолданудың әлемде баламасы жоқ әдісін ойлап тапты. Бұл жобаны Анатолиялық университеттің инженерлік факультеті, ғылым және техника кафедрасының доценті Абдолла Тугрул Сейхан жасаған.

Ол жобасында ұшақтың қанаты мен корпусын қауырсын жүнін күйдіруден алынған материалмен бекітуді ұсынып отыр.

Доктор Сейханның айтуынша, авиация өнеркәсібінде бұл тәсіл алғаш рет қолданылып отыр. Бұған дейін күйдірілген қауырсын талшығы тек биологиялық полимер ретінде ғана қолданылып келген.

«Тауық жүнінде көптеп кездесетін кератин атты зат қыздырылған кезде талшықтардың арасындағы байланысты берік етеді. Осындай жолмен алынған материалды авиациялық өнеркәсіпте қолданатын болсақ, үлкен жетістікке қол жеткізуге болады», – деді Сейхан.

Түркияда жыл сайын 30 тоннадай құстың жүні мен қауырсыны күресінге тасталады. Осы тұрғыдан келген Сейхан аталмыш жоба экологиялық және экономикалық жағынан тиімді деп отыр.

Бұл жобаны Түркияның ғылыми-техникалық зерттеу кеңесі мен мемлекеттік авиациялық және технологиялық өнеркәсіп органы ресми түрде мақұлдады. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!