АҚШ Сирия оппозициясына көмек көрсетпек

Фотография - АҚШ Сирия оппозициясына көмек көрсетпек

60 миллион АҚШ доллары көлемінде көмек беретінін айтты.

171 0

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Вашингтонның сириялық көтерілісшілерге алғаш болып азық-түлік және дәрі-дәрмек түрінде әскери емес көмек көрсету ниетте екенін мәлім етті.

Римде "Сирия достары" тобының жиыны аяқталған соң сөйлеген Джон Керри АҚШ-тың Сирияның азаматтық оппозициясына 60 миллион АҚШ доллары көлемінде көмек беретінін айтты.

Италиядағы келіссөздерге Сирия ұлттық оппозициялық коалициясының жетекшілері және Сирияның оппозициялық күштеріне қолдау көрсететін еуропалық және араб елдерінің өкілдері қатысты.

Керри Вашингтонның Башар Асадқа қызметінен кетуі үшін осылай қысым көрсетіп, елдің демократияға өтуіне жағдай жасауды көздеп отырғанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, "Башар Асадтың уақыты таяды, биліктен кетуі керек". 

Жиын барысында Керри бірінші рет Сирия ұлттық оппозициялық коалициясының басшысы Муаз әл-Хатибпен кездесті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!