Иракта жарылыстардан 22 адам құрбан болды

Фотография - Иракта жарылыстардан 22 адам құрбан болды

Ирак астанасы Бағдадтың маңындағы шииттер тұратын ауданда бейсенбіде бірнеше жарылыс болып, 22 адам қаза тапты. Ондаған адам жараланды

192 0

Ирак астанасы Бағдадтың маңындағы шииттер тұратын ауданда бейсенбіде бірнеше жарылыс болып, 22 адам қаза тапты. Ондаған адам жараланды.

Ресми орындардың хабарлауынша, Бағдадтың солтүстік-батысындағы Шула ауданында мейрамхана мен футбол алаңы маңында екі бомба жарылып, одан 15 адам жараланған.

Басқа жарылыстар Бағдадтан оңтүстікке қарай орналасқан шағын Азизия, Махмудия және Шурта әл-Рабия қалаларында болды. Шабуылдарды әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Бүгін мыңдаған мұсылман сүнниттер премьер-инистр Нури әл-Маликиге наразылық  танытқан акция өткізуді жоспарлап отыр.

Сүннит мұсылмандар өткен екі ай бойы шииттер басқаратын үкімет өздерін кемсітіп отыр деп наразылық танытып келеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!