Бангладеште наразылықтарда 15 адам қаза болды

Фотография - Бангладеште наразылықтарда 15 адам қаза болды

Наразылық пен зорлық-зомбылықтан 15 адам мерт болды.

105 0

Бангладеште соттың әскери қылмыс жасады деген айыппен мұсылмандар жетекшісіне үкім шығарған соң басталған наразылық пен зорлық-зомбылықтан 15 адам мерт болды.

Дакка соты бейсенбіде оппозициялық "Жамаат е-Ислами" партиясының вице-президенті, 73 жастағы Делуар Хуссейн Сайедиді 1971 жылы Бангладештің Пәкістаннан тәуелсіздік алу жолындағы соғысы кезінде "жасаған қылмыстары үшін өлім жазасына кескен еді. Оған "жаппай кісі өлімі, зорлық-зомбылық көрсету, тонаушылыққа қатысы бар және үндістерге күштеп исламды қабылдатты" деген айыптар тағылған.

Полицияның хабарлауынша, бірнеше қалада партия жақтастары ұйымдастырған наразылық полициямен қақтығысқа ұласқан. Сайеди 2010 жылдың маусымында тұтқындалған. Ол содан бері әскери қылмыстары үшін сотталған үшінші адам болып отыр. Оппозиция сотты "саяси есеп айырысу" деп атады, ал құқық қорғау ұйымдары соттың әділ өткеніне күмән келтіреді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!