Саакашвили жеке күзетсіз қалды

Фотография - Саакашвили жеке күзетсіз қалды

Жаңа премьер-министрдің бірқатар талаптарынан кейін Грузия президенті Михаил Саакашвили мемлекеттік күзет қызметінен бас тартуға мәжбүр болды

239 0

Жаңа премьер-министрдің бірқатар талаптарынан кейін Грузия президенті Михаил Саакашвили мемлекеттік күзет қызметінен бас тартуға мәжбүр болды.

Президенттің жеке күзеттен бас тар­туы­на үкімет басшысы Бидзина Иваниш­вилидің президент күзетінің бастығы Те­мур Джанашияны орнынан алып тастап, бұл қызметке Премьер-министр күзетінің жетекшісі Анзор Чубинидзені тағайындауы себеп болды. Сонымен қатар Бидзина Иванишвили президентке ультиматум қо­йып отыр. Оның талабы бойынша прези­дент конституцияға өзгеріс енгізіп, өз қалауы бойынша парламентті тарата алу құқығынан бас тартуы керек. Тек сол жағдайда ғана оған жеке күзеті қайта­рылмақшы. Осыған байланысты қазір Михаил Саакашвилидің мемлекет бас­шысы ретінде, ел ішіндегі жиындарға, шараларға қатысып, еркін жүріп-тұруы қиындады. Соған қарамастан, Саакашвили конституцияға ешқандай өзгеріс енгіз­бейтінін айтты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!