Иран мен Түркия сауда қалашығын ашуы мүмкін

Фотография - Иран мен Түркия сауда қалашығын ашуы мүмкін

Иран мен Түркия екі жақты экономикалық ынтымақтастықты дамыту бағытында маңызды қадам жасады.

144 0

Иран мен Түркия екі жақты экономикалық ынтымақтастықты дамыту бағытында маңызды қадам жасады. Екі елдің билігі шекара аумағында біріккен өнеркәсіп аймағын құру туралы келісімге келді.

Ирандық "Индастриал Эстейтс" компаниясының басшысы Ахмад Мусави хабарлағандай, бұл жоба Түркияда және Иранда арнайы қаланың құрылысын бастауды қажет етеді. Бұл жайында "Ириб-Новости» хабар таратты.

Оның айтуынша, түріктердің аумағынан орын тебетін қала Сары су, ал Иран территориясында Базарған деп аталатын болады. Аталмыш жоба үстіміздегі жылдың наурыз айында қолға алынады.

muslim.kz сайтының жазуынша, Мусавидің тағы бір келтірген мәліметі бойынша әр қаланың аумағы 1000 акрды (405 га) құрайды. Олар шекарадағы тар жол арқылы жалғасатын болады.


Тегтер:

Иран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!