Тәжікстан дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болды

Фотография - Тәжікстан дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болды

Бүгін Тәжікстан мемлекеті ресми түрде дүниежүзілік сауда ұйымына мүше ел атанды

252 0


Бүгін Тәжікстан мемлекеті ресми түрде дүниежүзілік сауда ұйымына мүше ел атанды.

Халықаралық ұйымға мүше болу туралы өтінішін Душанбе 2001 жылы мамырда берген. Соңғы 12 жылдың көлемінде ДСҰ-ға мүше елдермен сыртқы сауда, инвестиция және кедендік баж алымына қатысты келіссөздер жүргізілді.

Тәжікстанның ДСҰ-на мүше болатыны туралы былтыр 10 желтоқсанда ел президенті Эмомали Рахмон мен ДСҰ-ның бас директоры Паскаль Лами қол қойған хаттаманы тәжік парламенті биыл қаңтардың 9-ында бекіткен еді.

Тәжікстан дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып қабылданған 159-шы мемлекет. Бұған дейін бұрынғы советтік елдерден алғаш болып 1998 жылы Қырғызстан, одан кейін Латвия (1999), Эстония (1999), Грузия (2000), Литва (2001), Молдова (2001), Армения (2003), Украина (2008) және Ресей (2012) ДСҰ-на мүшелікке қабылданды.

1995 жылы құрылған дүниежүзілік сауда ұйымы мемлекеттер арасындағы сауда және тарифтік келісімдерді халықаралық деңгейде реттейді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!