Лондон соты гомосексуализмді қолдап отыр

Фотография - Лондон соты гомосексуализмді қолдап отыр

Лондонның жоғарғы соты азаматтарды гомосексуализмнен емдеумен айналысып жүрген христиандық ұйымдарға бұл әрекеттерін жарнамалауға тиым салды

195 0

Лондонның жоғарғы соты азаматтарды гомосексуализмнен емдеумен айналысып жүрген христиандық ұйымдарға бұл әрекеттерін жарнамалауға тиым салды. Бұл жайында "Новости-Казахстан" ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Core Issues Trust деп аталатын христиандық қайырымдылық тобы тура жолға түскісі келген қызтекелермен біріге жұмыс істейді. Топ белсенділері жұмыс ауқымын кеңейту үшін көшелерге "Қызтеке емес, бұрынғы қызтеке, енді қызтеке болмаймын және мұнымен мақтана аламын" деген жазулары бар парақшалар жабыстырып жүрген. Бұл үндеулер Stonewall ұйымының өкілдеріне жауап дейді белсенділер. Айта кетейік, бұдан бұрын аталған ұйым мүшелері "Кейбір адамдар қызтеке. Көнулеріңе тура келеді" деген парақшалар таратқан болатын.

Бүгінде "Лондон үшін көлік" компаниясының басшылығы Core Issues Trust белсенділерінің парақшаларын өз автобустарына жабыстыруға қарсылық танытып отыр. Үндеулер бүгінгі саясатқа қайшы дейді олар. Ал, Лондон мэрі Борис Джонсон болса христиандық топ гомосексуалистерді қорлап отыр деп айыптауда.

Core Issues Trust қайырымдылық тобы әділдік іздеп жуырда сотқа шағымданған. Алайда, соттағылар да қызтекелердің жағында болып шықты. Белсенділер болса бүгінгі қоғамға ренжулі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!