8 наурызда Түркіменстанда барлық әйелге ақшалай сыйлық беріледі

Фотография - 8 наурызда Түркіменстанда барлық әйелге ақшалай сыйлық беріледі

Әйелдердің халықаралық күні мерекесінде Түркіменстандағы барлық әйел ақшалай сыйлық алады. Ел президенті Гурбангулы Бердымухамедовтің өкімімен барлық қыз-келіншек 40 манаттан алатын болды

136 0

Әйелдердің халықаралық күні мерекесінде Түркіменстандағы барлық әйел ақшалай сыйлық алады. Ел президенті Гурбангулы Бердымухамедовтің өкімімен барлық қыз-келіншек 40 манаттан алатын болды, деп хабарлайды РИА Новости. Бұл - шамамен 14 долларға тең ақша.  Ал, ҚР ақшасымен ол 2100 теңге.

Бұл сыйлықты Түркіменстанның барлық қыз-келіншегі - жасы да, жасамысы да алады.

Сыйлық тәуелсіз Түркіменстанның тұңғыш президенті - Сапармұрат Ниязов кезінде енгізілген еді. Ол өз билігі тұсында Әйелдердің халықаралық күнін мерекелер қатарынан алғызып тастап, қыз-келіншектер мерекесін Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамыман бірге атап өту дәстүрін енгізген.

2008 жылдың қаңтарында Бердымухамедов 8 наурызды қайта қатарға қосты. Бұрын балабақшалар мен мектептердегі қыз балалар құны осы ақшаға тең сыйлықтар алатын. Қазір оларға да сыйлық ақшалай берілетін болған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!