Португалия халқы шеруге шықты

Фотография - Португалия халқы шеруге шықты

Португалия астанасы Лиссабонда мыңдаған адамның қатысуымен наразылық шеру өтті.

381 0

Португалия астанасы Лиссабонда мыңдаған адамның қатысуымен наразылық шеру өтті.

Халық қатаң үнемдеу шараларына қарсылық білдіріп, Қаржы министірлігі үйінің алдында жиналды. Наразы топ премьер-министр Педро Пасуш Коэльюдің саясатын мүлдем қолдамайтындығын жеткізіп, саясаткердің отставкаға кетуін талап етті. Түрлі әлеуметтік сала еңбеккерлері «Үштік жоғалсын!» деп ұрандатты. Осылайша, жергілікті тұрғындар әлемдік кредиторлар - Еуроодақ, Халықаралық валюта қоры және Еуропалық орталық банкке наразылығын танытты. Португалия 2011 жылы осы ұйымдардан шамамен 78 миллиард еуро несие алыпты. Бұл мемлекеттік шығындарды айтарлықтай қысқартуға әкеп соқты.


Тегтер:

шықты шеруге

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!