Халық наразылығы тоқталар емес

Фотография - Халық наразылығы тоқталар емес

Эль-Мансур қаласында жүздеген адам әкімдік үйінің алдына жиналды

119 0

Мысырда тағы ереуіл. Наразылық толқындары елдің солтүстігінен бастап, оңтүстік аймақтарына кеңінен етек жайды.

Эль-Мансур қаласында жүздеген адам әкімдік үйінің алдына жиналды. Әуелде бейбіт түрде өткен шеру соңынан тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласқан. Құқық қорғаушылар тәртіпсіздік жасағандарды тарату үшін көз жасаурататын газ қолдануға мәжбүр болды. Наразылық білдірушілер құқық қорғаушылардың штаб-пәтерін өртеп жіберген. Кей деректер бойынша, ашуға ерік берген жұрт ғимараттың ішіне күштеп кірген. Порт-Саидте де тәртіпсіздіктер белең алды. Футбол жанкүйерлері шерушілерге қосылып, полицейлермен қақтығысқан. Шаһардағы бүліктен 5 адам жараланды.


Тегтер:

наразылық

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!