Испанияда хиджаб киюге салынған тыйымның күші жойылды

Фотография - Испанияда хиджаб киюге салынған тыйымның күші жойылды

Испанияның жоғарғы соты Каталониядағы Лерида қаласының қоғамдық орындарында шариғат талабына сай киініп жүруге салынған тыйымның күшін жойды.

112 0

Испанияның жоғарғы соты Каталониядағы Лерида қаласының қоғамдық орындарында шариғат талабына сай киініп жүруге салынған тыйымның күшін жойды.

El Pais хабарлағандай, сот қызметкерлері мұндай тыйымды салуға мүмкіндік беретін заңның Испанияда жоқ екенін алға тартып, осындай қадамға барғандарын тілге тиек етті.

Бұған қоса, мұндай тыйым адамның наным-сенім бостандығына нұқсан келтіретінін жеткізген.

2010 жылы Лерида қаласының билігі Испанияда алғашқы болып, қоғамдық орындарда шариғат шәлісін жамылып жүруге тыйым салған болатын. Жергілікті мұсылмандар сотта дауласып, нәтиже шығара алмаған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!