Қытайда жер сілкінісінен 700-ге жуық үй қирап қалды

Фотография - Қытайда жер сілкінісінен 700-ге жуық үй қирап қалды

Қытайдың оңтүстік-батысында болған 5,5 балдық жер сілкінісінен 700-ге жуық үй қирады

239 0

Қытайдың оңтүстік-батысында болған 5,5 балдық жер сілкінісінен 700-ге жуық үй қирап, 20 адам түрлі жарақаттар алған.

Юньань провинциясында 3 наурыз күні тіркелген жер сілкінісінің ошағы 9 шақырым тереңдікте екенін айтып отыр мамандар.

Қираған үйлерден бөлек зілзаланың салдарынан 2,5 мыңдай ғимаратқа түрлі зақым келген. Оқиға болған ауданда жергілікті сейсмологиялық мекеменің құтқарушылары мен мамандарынан құралған топ жұмыс істеуде.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылдың қыркүйегінде Қытайдың оңтүстігіндегі Юньань мен Гуйчжоу провинцияларының түйіскен жерінде 5,7 баллдық жер сілкінісі мен бірнеше жер асты дүмпулері тіркелген болатын. Соның зардабынан 80-ге жуық адам ажал құшып, 730-дан астам кісі түрлі дене жарақатын алған. 20 мыңнан аса үй-жай мен ғимарттарға зақым келген еді.

Сонымен қатар, 3 наурызда Тәжікстан елінің аумағында да 5,1 баллдық жер сілкінісі тіркелген. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар  жайлы ақпарат жоқ.


Тегтер:

жер сілкінісі

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!