Әл-Хатиб Сирияның "азат етілген аймақтарына" барды

Фотография - Әл-Хатиб Сирияның "азат етілген аймақтарына" барды

Сирия оппозициялық коалициясының жетекшісі, шетелде жүрген Муаз әл-Хатиб көтерілісшілер бақылауына алған Сирияның солтүстік аймағына барып қайтты

125 0


Сирия оппозициялық коалициясының жетекшісі, шетелде жүрген Муаз әл-Хатиб көтерілісшілер бақылауына алған Сирияның солтүстік аймағына барып қайтты.

Муаз әл-Хатиб 3 наурызда көршілес Сирияның солтүстігіндегі Түркиямен шекаралас аумақтан кіріп, Жараблус және Минбиж қалаларына барды.

Сирияға кірмес бұрын әл-Хатиб Түркияның Ғазиантеп қаласында Алеппо провинциясының басшысын сайлау үшін 220 дала командирі мен оппозиция өкілдерінің басын қосқан жиынға қатысқан еді.

Қазір Алеппо мен Хомс қалаларында үкімет күштері мен көтерілісшілер арасында әлі де кескілескен ұрыстар жүріп жатыр. Көтерілісшілер Алеппо маңында бірнеше күнгі ұрыс нәтижесінде үлкен шығынмен полиция академиясын басып алып, 150 үкімет сарбазының көзін жойғаны хабарланды.

БҰҰ дерегі бойынша, 2011 жылдың наурызынан бері елде халық толқулары мен қарулы қақтығыстардан 70 мыңнан астам адам қаза тапты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!