Католик шіркеуінің кардиналдары Римге жиналды

Фотография - Католик шіркеуінің кардиналдары Римге жиналды

Католик шіркеуінің дүниежүзіндегі кардиналдары жаңа папаны сайлау процесіне дайындықты бастау үшін Римге жиналды

305 0

Католик шіркеуінің дүниежүзіндегі кардиналдары жаңа папаны сайлау процесіне дайындықты бастау үшін Римге жиналды.

Кардиналдар алқасы жаңа папаны сайлайтын конклав жиынына дейін күн сайын жиналып тұрмақ. "Шіркеу басшылары" ретінде танымал кардиналдар католик шіркеуіне қатысты болашақ мәселелерді талқылап, жасырын түрде папалық қызметке кандидаттарды ұсынады. 

Конклав жиыны келесі аптада Сикстин капелласында өтеді деп жоспарланып отыр. Оған 115 кардинал қатыспақ.

Бұған дейінгі Рим папасы 16 Бенедикт ақпанның соңында "денсаулығына байланысты" өз еркімен қызметінен кеткен еді. Наурыздың ортасында оның орнына жаңа папа сайлануы тиіс.

Ресми дерек бойынша, дүниежүзінде 1,2 миллиард адам католик дінін ұстанады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!