Газет редакциясынан үш граната табылды

Фотография - Газет редакциясынан үш граната табылды

Бішкек қаласында «Трибуна» газетінің редакциясынан  үш жарылғыш снаряд табылды

234 0

Бішкек қаласында «Трибуна» газетінің редакциясынан  үш жарылғыш снаряд табылды. Бұл туралы Қырғызстан ІІМ баспасөз-қызметі мәлімдеді.


«Милиция бөлімшесіне «Трибуна» газетінің редакциясы орналасқан ғимараттың жанынан күдік туғызған пакет табылғаны туралы шағым түсті. Оқиға орнына құқық қорғау органдары  мен мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері  келіп, пакет ішінде үш гранатаның болғанын анықтады. Тергеу амалдары жүргізілуде»,-деп хабарлады Қырғызстан ІІМ.

Баспасөз-қызметінің мәліметіне сүйенсек, редакция жанында табылған жарылғыш снарядттардың тұтандырғышы болмаған көрінеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!