Ресейде 10 адам "Нұршылар" мүшесі" деп ұсталды

Фотография - Ресейде 10 адам "Нұршылар" мүшесі" деп ұсталды

"Нұршылар" исламшыл тобына қатысы бар деген күдікпен 10 адамды ұстады.

166 0

Ресей федералды қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) агенттері Санкт-Петербургте тыйым салынған "Нұршылар" исламшыл тобына қатысы бар деген күдікпен 10 адамды ұстады.


Ұсталғандардың бесеуі - Ресей, төртеуі - Әзербайжан, біреуі - Түркіменстан азаматы. Олардан орыс және түрік тілдерінде "экстремистік әдебиеттер" табылған.

20-ғасырда түрік теологы Саид Нұрси құрған "Нұршылар" қозғалысы біртұтас ислам мемлекетін құру идеясын насихаттайды. 2008 жылы Ресей бұл ұйымға тыйым салды. Ресей жоғарғы соты Саид Нұрсидің кітаптары "өшпенділік туғызады" және "мұсылман еместердің ар-ұждан бостандығына қауіп төндіреді" деген шешім шығарған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!