АҚШ-та имам терроризмге қатысты айыпталды

Фотография - АҚШ-та имам терроризмге қатысты айыпталды

АҚШ-тың Флорида штатында имамға "Талибан" қозғалысының пәкістандық қанатына қаржылай көмек көрсетті деген айып тағылды.

160 0

АҚШ-тың Флорида штатында имамға "Талибан" қозғалысының пәкістандық қанатына қаржылай көмек көрсетті деген айып тағылды. Сот Майами мешітінің имамы, 77 жастағы Хафиз Ханға "астыртын қылмыстық сөз байласқаны" және "терроршыларды қолдағаны" үшін кінәлі деп тауып, олардың әрқайсысы бойынша екі-екіден айып таққан.

Айыптар федералды тергеу бюросының Хафиз Ханның жүздеген телефон жазбаларына жасаған талдауына негізделіп отыр. Онда Ханның "Талибан" жасақтары жасаған шабуылдарға қолдау білдіргені, Пәкістанға 50 мың АҚШ долларын аударғаны айтылады. Тергеу деректеріне қарағанда, телефон жазбаларында имам Пәкістан үкіметін құлатып, онда ислам заңдарын орнатуға шақырады, америкалық әскерилерді өлтіруді қолдайды.

Хафиз Ханның өзі қаржы отбасына, қайырымдылық ұйымдары мен Пәкістанның Сват алқабындағы медресеге жіберілгенін айтады.


Тегтер:

тероризм

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!