Төрт уахабты атып өлтірген әйелге пәтер сыйға берілді

Фотография - Төрт уахабты атып өлтірген әйелге пәтер сыйға берілді

Бұл әйел өз отбасын қорғап қалу үшін қылмыскерлерге қарсы тұрған.

183 0

Шешенстан елінің басшысы Рамзан Қадыров төрт уахабты атып өлтірген әйелге «Қадыров ордені» мен үш бөлмелі пәтер кілтін табыстады. Бұл жайында Шешенстан билігінің ресми сайтында хабарланды.

«Бұл әйел өз отбасын қорғап қалу үшін қылмыскерлерге қарсы тұрған. Күйеуінің қаруын алып, оларға қарсы оқ жаудырған. Нәтижесінде куйеуін өлтіріп, оның көлігін айдап кетпек болған төрт уахабты атып өлтірді. Ол нағыз шешен әйелі!» дейді Қадыров ғаламторға жазған мәлімдемесінде.

Батыр әйелдің аты-жөні – Лилия Асуханова. Мемлекет басшысы оған «Грозный-сити» деп аталатын мөлтекауданнан су жаңа пәтердің кілтін сыйлап отыр. Айта кетейік, «Қадыров ордені» елдің бұрынғы басшысы Ахмад Қадыровтың құрметімен аталады және ол Шешенстандағы ең беделді награда.

Айта кетейік, Асуханова төрт уахабты 2004 жылдың тамыз айында атып тастаған болатын. Қылмыскерлер әйелдің үйіне басып кіріп күйеуін атып өлтірген. Өздерімен бірге қайтыс болған ер азаматтың табельді тапаншасы мен автокөлігін алып кетпек болыпты. Алайда, Лилия үйде тұрған автоматты алып, қашып бара жатқан қылмыскерлерді жайратып салған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!