Чехия парламенті президентке импичмент жариялады

Фотография - Чехия парламенті президентке импичмент жариялады

Чехия парламентінің жоғарғы палатасы президент Вацлав Клаусқа "мемлекетке сатқындық жасады" деп импичмент жариялады.

160 0


Чехия парламентінің жоғарғы палатасы президент Вацлав Клаусқа "мемлекетке сатқындық жасады" деп импичмент жариялады. Көпшілік орынды солшылдар иеленген сенат конституциялық сотқа сұрау салып, президенттің қаңтарда жариялаған рақымшылығының конституцияға сай, я сай еместігін анықтап беруді талап еткен.

Сенаторлар бұған қоса президенттің бірқатар заңдарға қол қоюы мен судьяларды жаңадан тағайындауының заңдылығына күмәнданады. Импичментті 81 депутаттың 38-і қолдап, 30-ы қарсы дауыс берген.

Президенттің өкілеттік мерзімі 7 наурызда аяқталады. Егер кінәсі анықталатын болса, оған айыппұл салынып, мемлекеттік қызметпен айналысуына шектеу қойылуы мүмкін.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!