Венесуэла президенті Уго Чавес дүниеден өтті

Фотография - Венесуэла президенті Уго Чавес дүниеден өтті

Венесуэла президенті Уго Чавес Каракас ауруханасында көз жұмды. 

223 0

Венесуэла президенті Уго Чавес Каракас ауруханасында көз жұмды. 

Бұл туралы Мемлекеттік телеарнадан сөйлеген Венесуэла вице-президенті Николас Мадуро мәлімдеді.

Бұдан бірнеше күн бұрын тақ мұрагері болып қалуы мүмкін Николас Мадура Уго Чавестің денсаулығы "тым ауыр екенін" айтқан.

58 жастағы Уго Чавестен қатерлі ісік 2011 жылы табылған еді. Бұған дейін оған үш рет операция жасалып, өткен жылы қайтадан президент болып сайланған. Бірақ кейін одан тағы да қатерлі ісік белгілері анықталып, төртінші рет ота жасалды.

Уго Чавес Кубада екі айдан астам уақыт емделіп, еліне ақпан айында оралған еді. Кубада оған онкологиялық қатерлі ісіктен емдеу үшін ота жасалған болатын. Бірақ содан бері Уго Чавес бірде бір рет халық алдына шықпады.


Тегтер:

Чавес уго

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!