Иракта 48 сириялық әскери қызметкер өлтірілді

Фотография - Иракта 48 сириялық әскери қызметкер өлтірілді

Тағы да төрт сириялық әскери қызметкер жарақаттанды.

89 0

Иракта Сирия әскерінің 48 әскери қызметкері және 9 ирактық сарбаз өлтірілді, деп хабарлады AFP. Тағы да төрт сириялық әскери қызметкер жарақаттанды.  

Оқиға Сириямен шекаралас Анбар елді мекенінде орын алды. Шабуыл жасағандар автоматтармен және минометтермен қаруланған. Олар іздерін жасырып үлгерді. Өлтірілген әскери қызметкерлер сириялық үкіметтік әскердің сарбаздары болып шықты. Олар медициналық көмек алмақ ниетте Иракка қарай қашып бара жатқан жолда шейіт болды.

Ирак премьер-министрінің өкілі Әли Муссави мәлім еткендей, орын алған оқиға Сириядағы шиеленістің Ирак аумағына көшкенін білдіреді.

Естеріңізге сала кетейік, Сирияда қарулы оппозиция және үкіметтік әскерилер арасында қақтығыс екі жылға жуық уақыт жалғасып келеді. Елде 70 мыңға жуық адам құрбан болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!