АҚШ-та боранның салдарынан мыңдаған ұшақ ұшпай қалды

Фотография - АҚШ-та боранның салдарынан мыңдаған ұшақ ұшпай қалды

Алай да дүлей соққан алапат боран АҚШ-тың солтүстік аумақтарында авиа және жол қатынастарына қиындық туғызды

264 0

Алай да дүлей соққан алапат боран АҚШ-тың солтүстік аумақтарында авиа және жол қатынастарына қиындық туғызды.


Чикаго мен Миннеаполис әуежайынан шығатын авиарейстер түгел тоқтатылды. Метеорологтар тұрғындарға аса қажет болмаса үйден шықпауға кеңес береді. «Алда қалың қар жауады деген болжам бар. Сондықтан жол жүру қауіпті», - деп хабарлайды жергілікті синоптиктер.

Чикаго мен оның айналасындағы елді мекендерді қардан тазартуға жүздеген техника жұмылдырылған. Жергілікті БАҚ қалың қар Миннесоттан Виргинияға дейінгі аймақтағы ондаған штаттың өмір тұрмысын қиындатып жіберді деп хабарлайды. Алапат боран АҚШ-тың астанасы Вашингтонда сәрсенбі күні болады деп болжанып отыр.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!