Жауын соңы тасқынға ұласты

Фотография - Жауын соңы тасқынға ұласты

Перудің орталығында орналасқан Уануко қаласында бірнеше күн жауған нөсер тасқынға ұласты.

144 0

Перудің орталығында орналасқан Уануко қаласында бірнеше күн жауған нөсер тасқынға ұласты.

Табиғаттың тосын мінезінен өзендер арнасынан тасып жатыр. Жергілікті тұрғындар мал-мүлкін құтқарып қалумен әлек. Халықаралық ақпарат агенттіктердің хабарлауынша, шамамен 18 мың отбасы баспанасыз қалды. Төрт мың ғимарат топан су астында қалды. Зардап шеккен аймақтарда соңғы тәулікте су деңгейі айтарлықтай жоғарлады. Қаладағы су шайып кеткен көшелерде көлік қозғалысы тоқталды. Аймақта төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті билік зардап шеккен тұрғындарға қажетті заттар жіберіп көмек көрсетуде.


Тегтер:

Перу

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!