Филиппин сарбаздарының кепілге алынғанын айыптады

Фотография - Филиппин сарбаздарының кепілге алынғанын айыптады

Филиппиндіктер сириялық көтерілісшілердің Сирия мен Израиль шекарасындағы Голан жоталарында БҰҰ бітімгершілік күштері қатарында жүрген филиппиндік 21 сарбаздың кепілге алынғанын қатаң айыптады

127 0

Филиппиндіктер сириялық көтерілісшілердің Сирия мен Израиль шекарасындағы Голан жоталарында БҰҰ бітімгершілік күштері қатарында жүрген филиппиндік 21 сарбаздың кепілге алынғанын қатаң айыптады.

21 сарбазды сәрсенбіде өздерін "Ярмук жанкештілері" деп атаған топ тұтқындап, кепілге алған еді. Көтерілісшілер Youtube-та видео жариялап, кепілге алынғандар Сирия үкіметі Голан жоталары маңындағы елді мекендерден әскерін шығармайынша босатылмайтынын мәлімдеген.

Филиппин сыртқы істер министрлігі бүгін сарбаздарды босату туралы келіссөздер жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Голан жоталарын 1974 жылы Сирия мен Израильдің бітім жасасқанынан бері БҰҰ-ның бітімгершілік күштері бақылап отырады. Ол аймаққа Сирия әскері жіберілмейді. Хорватия өткен аптада сарбаздарының қауіпсіздігіне алаңдап, аймақтан бітімгершілік құрамындағы өз әскерін әкететінін хабарлаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!