Forbes ханзаданың байлығын кемітіп қойыпты

Фотография - Forbes ханзаданың байлығын кемітіп қойыпты

Сауд Арабиясы Корольдігінің ханзадасы әл Уәлид ибн Талал Forbes журналының сарапшыларына өкпелі. Ханзаданың айтуын­ша, сарапшылар оның дәулетін шамамен 10 млрд долларға кем есептеген

125 0

Сауд Арабиясы Корольдігінің ханзадасы әл Уәлид ибн Талал Forbes журналының сарапшыларына өкпелі. Ханзаданың айтуын­ша, сарапшылар оның дәулетін шамамен 10 млрд долларға кем есептеген.

Бұл туралы The Daily Mail хабарлайды. Ибн Талал Forbes-тен әлем байларының жуырда жария етілген тізімін жоққа шығаруды талап етіп отыр. Журналдың биылғы рейтингінде Сауд ханзадасы 20 млрд доллар активімен 26-орында көрінді. Әл Уәлид болса, өз дәулетінің 29,6 млрд болғанын айтып отыр. Оның уәжіне қарағанда, журнал сарапшылары ғаламшар олигархтары­ның алғашқы ондығына кіргізбеу үшін, сөйтіп, Таяу Шығыс инвесторларының беделіне нұқсан келтіру үшін жыл сайын ханзаданың байлығын қасақана кем есептейді. Ханзаданың иелігіндегі Kingdom Holding Company осы кезге дейін Forbes-ке ақсүйектер дәулетін есептеуге көмек­тесіп келген болатын. Король әулетінің өкілі енді компанияның бұл журналға көмектеспейтінін ескертіп, бас редактор Стив Форбсқа хат жазды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!