Құранды қорлағаны үшін 4 айға бас бостандығынан айрылды

Фотография - Құранды қорлағаны үшін 4 айға бас бостандығынан айрылды

Бельгиялық Брюгге қаласының соты Құранды елдің көзінше жыртқан азаматты 4 айға бас бостандығынан айырып, абақтыға жапты.

256 0

Бельгиялық Брюгге қаласының соты Құранды елдің көзінше жыртқан азаматты 4 айға бас бостандығынан айырып, абақтыға жапты. RTL телеарнасы хабарлағандай, бұл оқиға өткен жылы маусым айының 8-і күні Остенде қаласында болған.


Шеруге қатысқан 28 жастағы Арне есімді ер адам кафеге кіріп, сол жерде отырған бірнеше мұсылманмен сөзге келіп қалған. Ашуға ерік берген ол отырғандардың көзінше Құран кітабының парша-паршасын шығарған.

Ол мұндай қадамға баруына мұсылмандарды кінәлап отыр. Нақтырақ айтқанда, олар Құранды бұған қарай лақтырған. Сот оның бұл сөзіне сенген жоқ. Сот айыпкерді абақтыға жауып қана қоймай, оған 600 еуро мөлшерінде айыппұл салды.

Бір қызығы, ол бұрын да осындай әрекетімен көзге түсіп, тоғайға от қойған екен. Сол қылмысы үшін ол шартты түрде 18 ай абақтығы жабылып, жазаға кесілген болатын.

 


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!