Үнді мұсылмандары терроризмге қатысы бар деп тұтқындалғандарды босатуды талап етіп отыр

Фотография - Үнді мұсылмандары терроризмге қатысы бар деп тұтқындалғандарды босатуды талап етіп отыр

Үндінің Лакхнау қаласының тұрғындары «Заңсыз қызметтердің алдын-алу туралы заңды» асыра пайдаланып, еш жазығы жоқ жас жігіттерді тұтқындағаны үшін жаппай наразылық шеруін өткізіп жатыр.

206 0

Үндінің Лакхнау қаласының тұрғындары «Заңсыз қызметтердің алдын-алу туралы заңды» асыра пайдаланып, еш жазығы жоқ жас жігіттерді тұтқындағаны үшін жаппай наразылық шеруін өткізіп жатыр. Бұл жайында TwoCircles хабар таратты, деп хабарлайды muslim.kz.


Осы шеруді ұйымдастырған Үндістанның «Террор саясатына қарсы халықтық науқан» (РСРТ) мұндай тәжірибені «террор саясатына» жатқызып, ең алдымен мұсылмандарға бағытталып отырғанына қынжылыс білдірді.

Акцияға мұрындық болғандардың бірі Халид Рашид терроризмнің исламмен үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын мәлімдеді. Алайда, осыған қарамастан билік орындары жазықсыз мұсылмандарды нақақтан-нақақ, сотсыз-тергеусіз түрмеге тоғытып жатыр.

Бұл жағдайдың ондаған адамды опат еткен Хайдарабадтағы жарылыстардан кейін болғанын айта кету керек.

БАҚ-тың рөлі

Халид Рашид «Халықтық науқанның» бұқаралық ақпарат құралдарын да бұл заңсыздықты тыюға жұмылдыруды көздеп отырғанын жеткізді.

«БАҚ «ислам терроризмі» деген қате терминді қолданбауы тиіс. Бұл мұсылмандардың ар-ожданы мен намысына тиеді. Теракті бола қалса, оны міндетті түрде мұсылмандарға жаба салады», – деді ол ашынып.

Аталмыш ұйым жазықсыз мұсылмандардың басына қара бұлт болып төнген «Заңсыз қызметтердің алдын-алу туралы заңның» күшін жоюға атсалысатынын жеткізді.


Тегтер:

терроризм

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!