Шариғат шәлісіне Лондон мұсылман қыздары басқаша қарайды

Фотография - Шариғат шәлісіне Лондон мұсылман қыздары басқаша қарайды

Арғы тегі ирандық фотосуретші Сара Шамсавари (Sara Shamsavari) шариғат шәлісінің әйел адамды өзгеше етіп көрсетіп, шығармашылыққа бастап, шабыт сыйлайтынын, адамның өзіндік менін табуға көмектесетінін былайғы жұртқа паш еткісі келеді.

263 0

Арғы тегі ирандық фотосуретші Сара Шамсавари (Sara Shamsavari) шариғат шәлісінің әйел адамды өзгеше етіп көрсетіп, шығармашылыққа бастап, шабыт сыйлайтынын, адамның өзіндік менін табуға көмектесетінін былайғы жұртқа паш еткісі келеді. Бұл жайында Guardian хабар таратты.


Британ астанасының жас тұрғындарының жеке қасиеттері мен шығармашылығын назарға алған фотосуретші Лондонның түрлі аудандарында тұратын мұсылман қыз-келіншектерінің шариғат шәлісін жамылып түскен жарқын бейнесін жасады. Оның 50-і Корольдің концерт залына қойылған.

Фотосуретшінің айтуынша, Лондондағы әр ауданның мұсылман қыз-келіншектерінің киім үлгілері бір-бірін қайталамайды.

«Уайтчепела қыз-келіншектері дизайнерлік киімдерге жоламауы мүмкін, есесіне, олардың талғамы басқаша болып келеді», – деді ол.

«Олар осы әдемілігімен нұрланып тұр»

Сара Шамсаваридің сөзіне қарағанда, олар шариғат шәлісіне қатысты пікірталасқа қатысқысы келмейді. Өйткені, оларды әйелдердің жеке басының қасиеттері көбірек толғандырады.

«Мына әйелдерге қараңызшы. Олар ажарлы, қылықты бола тұра өз сеніміне берік. Олар осы әдемілігімен нұрланып тұрған жоқ па», – деді ол.

Өткенін еске алған фотосуретші 90-шы жылдардың өзінде осындай ойға келгенін тілге тиек етті. Шыққан тегіне байланысты жиі мазаққа ұшырағандықтан азшылықты зерттеп көрмек болады.

Зерттеуін шығармашылықпен ұштастыра білген ол бүгінде осындай жетістікке қол жеткізген.

 


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!