Молдова Үкіметі отставкаға кетті

Фотография - Молдова Үкіметі отставкаға кетті

Молдова Парламенті сенімсіздік танытқаннан кейін премьер-министр Влад Филаттың басшылығындағы үкімет отставкаға кетті.

209 0

Молдова Парламенті сенімсіздік танытқаннан кейін премьер-министр Влад Филаттың басшылығындағы үкімет отставкаға кетті.

Егер алты аптаның ішінде жаңа үкімет құрылмаса, елде кезектен тыс сайлау өтуі тиіс.


Еуропалық ықпалдастық үшін Альянс басқарушы коалициясын қолдайтын Филаттың Үкіметі 5 наурызда парламент сенімсіздік білдіргеннен кейін отставкаға кетуге мәжбүр болды.


Оған 2009 жылдан бері парламентте басымдыққа ие Альянстың құрамына кіретін екі партия арасындағы дау себепкер болған.

Филаттың отставкасын қабылдаған ел Президенті Николай Тимофти 45 күннің ішінде парламенттің мақұлдауымен жаңа министрді тағайындауы тиіс.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!