Мысырда зорлық-зомбылық күшейіп барады

Фотография - Мысырда зорлық-зомбылық күшейіп барады

Тұрғындар елде демократия болғанымен, әйел құқығы шектелетінін айтады

202 0

Мысырда Халықаралық әйелдер күніне орай Каир жұртшылығы ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері үшін шеру өткізді.

Тұрғындар елде демократия болғанымен, әйел құқығы шектелетінін айтады. Сонымен қатар елде зорлық-зомбылық әрекеттері күннен-күнге күшейіп барады. Соңғы кездері жергілікті тұрғындар ғана емес, шетел азаматтары да озбырлық әрекетіне тап болуда.

Жоғарғы сот ғимаратының алдына жиналған жұрт қолдарына екі жыл бұрын Хосни Мүбәрактың режиміне қарсы шығып қаза тапқан жандардың суреттерін ұстап шықты. Наразы халық билік басында отырған «Мұсылман бауырлар» ұйымына қарсы ұрандатты. Халық Үкіметтен әйелдер мен балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған Ззаң қабылдауды талап етті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!