Оңтүстік Корея президенті елін соғысқа дайындалуға шақырды

Фотография - Оңтүстік Корея президенті елін соғысқа дайындалуға шақырды

Ал КХДР Оңтүстік Кореяның бұл әрекетін араңдатушылық деп бағалауда.

157 0

Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе әскери жасақ пен АҚШ серіктестерін Пхеньянның шабуыл жасамау туралы шартты үзуіне байланысты елде әскери дайындықты күшейтуге шақырды.

Ал КХДР Оңтүстік Кореяның бұл әрекетін араңдатушылық деп бағалауда. КХДР кеше Оңтүстік Кореямен арадағы шабуыл жасамау туралы келісімшарттан бас тартатыны жайлы ақпарат таратқан болатын. Сондай-ақ, Пхеньян екі ел арасындағы тікелей телефон байланысын  үзген-тін.

Оңтүстік Корея басшылығы Корей Халық Демократиялық Республикасы ядролық соққы жасаған жағдайда  «Ким Чен Ын тәртібін жоқ қылатындарын» мәлімдеп отыр.  Ал БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері наурыздың 7-інде ҚХДР-ге қатысты жобаны бірауыздан қолдаған болатын. Жоба Солтүстік Кореяға қарсы санкцияны күшейтуге бағытталған.

Бұқаралық ақпарат құралдары мәлімдегендей, наурыздың 1-інде Оңтүстік Корея мен АҚШ әскерлері Корей түбегінде жыл сайын өткізілетін Foal Eagle («Жас қыран») бірлескен оқуларын  бастап кеткен көрінеді.  Бұл оқулар сәуірдің 30-на дейін жалғасады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!