Уго Чавес: Өтінемін, мені ажалға бермеңдерші!

Фотография - Уго Чавес: Өтінемін, мені ажалға бермеңдерші!

Бақилық болған Венесуэла көсемі Уго Чавестің өмірінің соңғы минуттарында айтқан ақтық сөзі  жайлы оның жеке күзетінің басшысы айтып берді.

170 0

Бақилық болған Венесуэла көсемі Уго Чавестің өмірінің соңғы минуттарында айтқан ақтық сөзі  жайлы оның жеке күзетінің басшысы айтып берді.

«Сөйлей алмады ол. Алайда, Чавестің дірілдеген ернінен: «Менің өлгім келмейді. Өтінемін, мені ажалға бермеңдерші!» дегенін  ұқтым», - дейді Уго Чавестің жеке күзетінің басшысы генерал Хосе Орнелья (José Ornella).

«Оның жаны қысылды. Соңғы демі шыққанша қасында болған біздер президенттің қалай қиналғанын көрдік. Уақыт өте келе бұл оқиға жайында біреу естелік жазатын болар деген үміттемін. Оны дәрігер жазса деген тілегім бар» ,- дейді генерал.

Хосе Орнельяның айтуы бойынша, Уго Чавес желтоқсанның 8 күні Кубаға барып төртінші рет ота жасатуға бел буғанда, тірі қалатынына сенбеген көрінеді. Сол себептен, ол ресми түрде өзінің мұрагері ретінде вице-премьер Николас Мадуроны белгілеп кеткен. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!