Венесуэла президент сайлауы өтетін күнді белгіледі

Фотография - Венесуэла президент сайлауы өтетін күнді белгіледі

 Венесуэла президентінің кезектен тыс сайлауы 14 сәуірде өтеді. Бұл туралы Ұлттық сайлау кеңесі (ҰСК) мәлімдеді

131 0

Кеңес сенбі күні Венесуэла басшысының міндетін атқарушы ретінде ант қабылдаған Николас Мадуроның тікелей нұсқауымен жиналды. «Мен Орталық сайлау кеңесінен өзінің конституциялық міндетін орындауды және сайлау өтетін күнді барынша тез белгілеуді сұрадым», - деді саясаткер ант қабылдағаннан кейін.

Н.Мадуро билік партиясынан сайлауға қатысады деп болжануда. Оның негізгі қарсыласы оппозиция көсемі Энрике Каприлес болмақ.

40-жастағы Э.Каприлес Миранда провинциясының губернаторы және «Ең алдымен әділ сот» (Primero Justicia) партиясын басқарады. 2012 жылы күзде өткен сайлауда ол Уго Чавестен жеңіліс тапқан еді.

Венесуэланы 1999 жылдан бері басқарып келген президент У.Чавес ауыр сырқаттан 5 наурызда өмірден озды.


Тегтер:

Чавес уго

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!