Египетте 21 футбол бұзақысы өлім жазасына кесілді

Фотография - Египетте 21 футбол бұзақысы өлім жазасына кесілді

Египет соты бұдан бұрын 21 футбол бұзақысына қатысты өлім жазасына кесілген үкімді қуаттады.

137 0

Египет соты бұдан бұрын 21 футбол бұзақысына қатысты өлім жазасына кесілген үкімді қуаттады, деп хабарлады РБК.

Олар 2012 жылғы Порт-Саидта болған тәртіпсіздікке қатысқаны үшін айыпталып отыр. Сол кезде «Әл-Масри» жергілікті клубымен каирлық «Әл-Ахли» арасындағы матч жаппай төбелеспен аяқталып, 74 адамның өмірін қиған болатын.

Тағы бес айыпты адамға кеше өмір бойы бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды. Қалғанына әртүрлі мерзімге түрмеде отыруға жаза тағайындалды. Іс бойынша барлығы 73 адам жауапқа тартылды, олардың 28-і ақталып шықты, қалғандары айыпты деп танылды.

2013 жылғы қаңтарда Порт-Саидта сот сотталған бұзақыларға ең жоғары жаза тағайындаған болатын, алайда бұл оқиға үлкен қоғамдық жаңғырық туғызуына байланысты іс Египеттің Жоғарғы мүфтиіне жіберілген еді.

Сот үдерісі кезінде футбол фанаттары әлсін-әлі тәртіпсіздіктер жасады. Сот үдерісі басталуы қаланың нағыз бүлігін туындатты, сондықтан да ауданға армия бөлімдері әкелінді. Дегенмен, полициямен қақтығыстарда 30-ға тарта адам тәртіпсіздіктер құрбаны болды.

Қаза болғандарды жерлеу жаңа тәртіпсіздік әрекеттеріне ұласты, оның барысында шерушілер полицей учаскесін өртеп жіберді. Өкімет орындары ызалы египеттік тобырға қару қолдануға мәжбүр болды. Атап өтерлігі, нақ осы футбол фанаттары өздерін Хосни Мүбарак режимін құлатқан египет төңкерісінің қозғаушы күші деп санайды.  Олардың көпшілігі Каирдың Тахрир алаңындағы акцияларға белсене қатысқан болатын.


Тегтер:

Египет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!