Атом станцияларына қарсы шеру ұйымдастырылды

Фотография - Атом станцияларына қарсы шеру ұйымдастырылды

Жапониядағы «Фукусимада» атом электрстанциясында болған апатқа екі жыл толды. Осыған орай Германияда атом энергиясына қарсы шеру ұйымдастырылды.

240 0

Жапониядағы «Фукусимада» атом электрстанциясында болған апатқа екі жыл толды. Осыған орай Германияда атом энергиясына қарсы шеру ұйымдастырылды.

Елдің бірнеше қалаларында он мыңдаған халық жиналып, жақын маңдағы барлық атом электрстанцияларын жабуды талап етті. Шеруге елдегі саясаткерлер де қатысты. Сонымен қатар, Шлезвиг-Гольштейнде орналасқан атом электрстанциясында 2 мың адам ұзындығы 4 шақырымға созылатын тізбек құрды. Дәл осындай наразылық акциясы Францияның бірнеше қаласында да ұйымдастырылды. Естеріңізге салайық, Жапонияда 2011 жылдың наурыз айында болған 9 балдық жер сілкінісі мен цунамиден «Фукусима» атом электр станциясы жарылып, аймаққа радиация тарады. Табиғи апаттан 19 мың адам көз жұмып, 160 мың адам баспаналарын тастап өзге жерге көшуге мәжбүр болған. Кейін Германияда атом энергиясынан бас тарту туралы қаулы шықты.


Тегтер:

атом

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!