10 наурызда Жердің маңынан ірі астероид ағып өтті

Фотография - 10 наурызда Жердің маңынан ірі астероид ағып өтті

2013 жылғы 10 наурызда көлемі Челябіде құлаған метеориттен үлкен 2013ЕТ ірі астероиды Жердің маңынан ағып өтті.

288 0

2013 жылғы 10 наурызда көлемі Челябіде құлаған метеориттен үлкен 2013ЕТ ірі астероиды Жердің маңынан ағып өтті.

Бұл туралы CNN телеарнасы АҚШ Ұлттық ауада жүзу және ғарыш кеңістігін зерттеу агенттігіне ((NASA) сілтеме жасап хабарлады.

РБК агенттігінің хабарлауынша, ғалымдардың айтуынша, астероид Жер бетіне 975 мың шақырым қашықтыққа дейін жақындады, бұл Ай мен жердің қашықтығынан 2,5 есе көп. Астероидтың диаметрі 80 метрге жуық. Астрономдардың атап өтуінше, астероидты түнгі аспанда телескоптың көмегімен көруге болатын еді.

Еске сала кетейік, 2013 жылғы 15 ақпанда 2012 DA14 астероиды ғаламшарымыздың жанынан, Жерден 28,2 мың шақырым қашықтықта ойдағыдай өтіп кетті. NASA мәліметтеріне қарағанда, ол бұрынғы белгілі астероидтарға қарағанда Жерге едәуір жақындап келді, оның жолы байланыс спутниктерінің қозғалыс орбитасы ішінде болды.


Тегтер:

астеройд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!