Бакуде полиция мен шерушілер қақтығысты

Фотография - Бакуде полиция мен шерушілер қақтығысты

Әзербайжанда полиция жексенбіде Бакуде болған наразылық шерулерін тарату үшін демонстранттарға резеңке оқтар, су мен көзден жас ағызатын газ қолданды

302 0

Әзербайжанда полиция жексенбіде Бакуде болған наразылық шерулерін тарату үшін демонстранттарға резеңке оқтар, су мен көзден жас ағызатын газ қолданды. Екі жақ арасында қақтығыс болып, акцияға қатысқан ондаған адам тұтқындалған. Шеруге қатысушылар әскерге шақырылғандар өлімінің көбеюіне және оларға жәбір көрсетілуіне наразылық танытқан.

Бакудің орталық алаңында жексенбіде жүздеген адам жиналған еді. Ал 8 наурызда акцияның бірнеше белсендісі тұтқындалған. Олардың үшеуіне заңсыз қару мен есірткі заттарды сақтады деген айыптар тағылып отыр.

Оппозиция өкілдері билік осылайша жоспарланған наразылық шерулерін тұншықтырғысы келді деп санайды.


Тегтер:

қақтығыс

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!