Пілдер азайып барады

Фотография - Пілдер азайып барады

Бангкокте африкалық пілдерді сақтап қалу үшін діни рәсім өтті.

213 0

Бангкокте африкалық пілдерді сақтап қалу үшін діни рәсім өтті.

Будда дінін ұстанатын ондаған адам жер бетіндегі ең ірі жануарлар үшін арнайы дұға оқыды. Аймақта бұл жануар түрі жыл сайын азайып келеді. Халықаралық ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Африкада күніне 50-ден 100-ге дейін піл өлтіріледі екен.

Мәселен, браконьерлер пілдерді өлтіріп, сүйегін заңсыз шетелге сатуда. Таяуда жер бетінен жойылып бара жатқан жануарлар мен сирек кездесетін өсімдіктер флорасына қатысты 178-халықаралық конференция өтті. Бас қосуда Таиландтың Премьер-министрі алдығы уақытта пілдің сүйегінен жасалған заттарды сатуға заңды түрде тыйым салатындығын айтты.


Тегтер:

піл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!