Сириялық босқындар саны үш есеге өсуі мүмкін

Фотография - Сириялық босқындар саны үш есеге өсуі мүмкін

 Бұл жайында БҰҰ-ның босқындар жөніндегі жоғарғы комиссары Антониу Гутерреш мәлімдеді.

170 0

Биыл Сириядағы қақтығыстар тоқтамаса елден қашқан босқындардың саны екі немесе үш есеге дейін өсуі мүмкін. Бұл жайында БҰҰ-ның босқындар жөніндегі жоғарғы комиссары Антониу Гутерреш мәлімдеді.

Түркияға жасаған іс-сапары барысында Гутерреш аталған проблеманың ауқымы жайында сөз қозғады. Айтуынша, Сириядағы қантөгіс әрі қарай жалғаса берсе Таяу Шығыс елдерінде нағыз әлеуметтік «жарылыс» орнайтын көрінеді.

БҰҰ мәліметі бойынша, соңғы екі жылда Сириядағы қақтығыстардан 70 мыңға жуық адам көз жұмған. Тағы миллионнан астам азамат жан сауғалап, шекара асып кеткен екен. Гутерреш болса әлемдік қоғамдастықты Түркия, Ливан, Иордания елдеріне қол ұшын созуға шақырды. Өйткені, сириялық босқындардың негізгі бөлігі аталған мемлекеттерге қоныс аударуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!